Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 7 қараша кешімен салыстырғанда 1,31 теңгеге құлдырап, 1 доллар 428, 45 теңге болды.
Ұлттық банктің 8 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,82 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428,56 теңге, сатып алу – 430, 11 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 428, 68 теңгеден болса, сатып алу құны – 429, 81 теңге.