Қазақстандықтар тарапынан жедел жәрдем дәрігерлерінің үйдегі науқасқа қарай лас аяқ киімімен кіріп баратыны жөнінде көптеген шағым айтылуда. Олардың сөзіне сенсек, шақыртуға келген ақ халаттылар аяқ киімдерін шешпейді, ал сатып алған арнайы бахиланы ұсынса, киюден бас тартады. "Аяқ киімді шешуге де, бахиланы киюге де қарсылық білдіреді. Бұл соншалықты қиын нәрсе ме?!" - дейді наразылық білдірушілер.
Алматы қалалық жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірде-бір нормативтік құқықтық актісі жедел жәрдем қызметкерлерін бахила киюге міндеттемеген.
Бахиланы киіп және шешу төтенше жағдайда уақыт алатыны айтылған.
Бұдан бөлек, бахила киген дәрігердің тайып құлап, жарақат алу қаупі де баса айтылған.
Сол себепті, гигиенаға қатты алаңдайтын үй иелеріне жәрдем шақырған кезде кілемдерін алып, еденді қағазбен жауып қоюға кеңес береді.
Жедел жәрдем қызметі сондай-ақ медициналық қызметкердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Дереккөз: Stan.kz