Жаңалықтар 08.11.2021 сағат 15:40

Jusan Bank 2021 жылы Қазақстанның ең үздік банкі деп танылды

Марапатты Capital Finance International басылымы тағайындаған.
Jusan Bank 2021 жылы Қазақстанның ең үздік банкі деп танылды
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

CFI.co қаржылық басылымының Banking Awards - 2021  халықаралық конкурсының қорытындысы бойынша Jusan Bank 2021ж. Қазақстанның үздік банкі деп танылды ("Best Bank – Kazakhstan 2021"). Марапатты он жылдам астам уақыт бойы экономика және қаржы саласындағы маңызды оқиғаларды жариялап отырған беделді британдық Capital Finance International басылымы тағайындаған. 

Үміткерлерді іріктеу кезінде Capital Finance International редакциясы Jusan Bank-тің технологиялар және инновациялар саласында жаңалықтарды белсенді қолданатынын атап өтті, басылымның пікірінше бұл қаржы қызметтерінің жергілікті нарығының дамуына елеулі түрде әсер етті. 

CFI.co Banking Awards – 2021 әділқазылар құрамына кірген сарапшылар Jusan Bank-тің соңғы екі жыл ішіндегі негізгі қаржы көрсеткіштерінің қарқынына оң бағасын берді. 

"Jusan менеджменті сәтті түрде жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруда, нәтижесінде қысқа кезең ішінде маңызды қаржылық нәтижелерге қол жеткізді.  Банк қызметтердің сапасын және қолжетімділігін жақсарту, өнімдер желісін кеңейту және өз клиенттеріне қаржылық мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін цифрлық технологияларды үнемі жетілдіріп отырады. Бұның барлығы клиенттер үшін тартымды ұсыныстар қалыптастырады және корпоративтік сегменттің және тұтастай халықтың арасында қаржылық мекемеге деген сенімнің артуына септігін тигізеді", - делінген Capital Finance International қазылар алқасының   қорытындысында.

Қазақстандық банктердің арасында Jusan Bank Capital Finance International премиясы берілген тұңғыш отандық қаржылық институт болды. Жыл сайын марапатқа әлемнің алпыстан астам мемлекеттерінен компаниялар қатысады. 

"2021 жылы банк командасы Jusan цифрлық экожүйесіндегі қызметтер мен өнімдерді кеңейту бойынша бірқатар елеулі жобаларды жүзеге асырды.  Клиенттеріміздің бұны көруі және тиісті баға беруі өте маңызды – қосылғанына бар-жоғы екі жыл өткен Jusan мобильді қосымшасын бүгінгі таңда шамамен 700 мың клиент қолданады, ал  Jusan Business интернет-банкинг жүйесі бір жылдың ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында 41 мың пайдаланушыларды жинақтап үлгерді.  Capital Finance International тағайындаған марапат және осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік банкі деген беделді мәртебе біздің бүкіл командамыздың нәтижелі жұмысын мойындау болып табылады және кәсіби мереке – Ұлттық валюта күні қарсаңында бізге жасалған ең үздік сыйлық деп білеміз!" – дейді Jusan Bank Айбек Қайып.

Маңызды өзге де оқиғалар арасында: АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуының аяқталуы, Kcell  мобильді байланыс операторының активтерінің үлесін сатып алу, сондай-ақ банктің кредиттік портфеліндегі мерзімі 90 күннен астам уақытқа кешіктірілген берешек үлесін 3,5 есеге қысқартып, нәтижесінде активтер портфелінің сапасын айтарлықтай жақсарту.  1 қыркүйектегі жағдай бойынша Jusan Bank активтерінің жиынтық көлемі 2,7 трлн теңгеден асты, бұл банкке осы көрсеткіш бойынша бүкіл қазақстандық банктердің арасындағы жалпы рейтингтегі 4-позицияны қамтамасыз етеді.  

Дереккөз: Stan.kz
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар