$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда 36 жоғары оқу орны мұғалім мамандарын оқытуды тоқтатты

Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда оқытушылар дайындайтын жоғары оқу орындарының саны қысқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды. Педагогикалық бағыттағы лицензияларға 138 қосымша қайтарылды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова "Болашақта балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесі біз үшін аса маңызды" деп атап өтті.

Мектептердегі оқушыларға өз ісін сүйетін мамандар сабақ беруі керек. Бізде болашақ мұғалімдерді сапалы дайындайтын университеттер бар. Соған қарамастан, кейбір жоғары оқу орындарында жүргізілген тексерулердің нәтижесі көңіл көншітпейді және барлық жоғары оқу орындары талапқа сай еместігін көрсетеді.

Министрлік білім беру қызметінің сапасын талапқа сай ету үшін уақыт беріп отыр.

“Егер университет сапаны жақсарту бойынша жұмыс жасамаса, біз қатаң шаралар қолданамыз, яғни лицензияны қайтарып аламыз. Мысалы, қазір бізде оқытушыларды шығаратын университеттер аз. Бірақ екінші жағынан, оларды бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындары дайындайды. Уақыт өте бұл оң нәтиже береді”, - деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары