08.11.2021, 22:29

Солтүстік Қазақстанда суықтан қатып қалған аққулар құтқарылуда

Фото: ашық дереккөз
Былтыр облыста 11 аққу құтқарылған.

Петропавл іргесіндегі көлде аққу мен оның серігі мұз құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 8 қараша күні таңертең волонтер Алма Мұстафина тоңған құстарды құтқаруға көмек сұрағанын хабарлады.

"Қыз төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі азаматтық қорғау подполковнигі Асқар Исмағұловқа Петропавл маңында Соленое көлінде бір жұп аққудың қатып қалғанын айтты. Бір күн бұрын еріктілер екі құсты аман алып қалған. Алайда аққулардың бұл жұбы еріктілерге бағынбаған", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Операция су қоймасындағы мұздың әлі де беріктігі жеткіліксіз болғандықтан қиынға соқты. Оқиға орнына келіп, жан-жаққа қараған жедел-құтқару бөлімінің мамандары көлдің қақ ортасында, жағадан 150 метрдей қашықтықта, арнайы құтқару тақтасын орнатып, аққуларды құтқарды.

Бұл қиын тапсырманы тәжірибелі құтқарушы Данияр Бадалов атқарды.

"Маған тіпті құстарды қууға тура келді. Аққулар оларды не үшін ұстайын деп жатқанымызды түсінбеді. Олар бізден үркіп, біреуі қамысқа қарай қашты. Екіншісі тым әлсіз еді, ол еш қарсылық көрсетпеді. Мен құстарды тақтаға белбеумен бекітіп, жағаға шығардым", - деп түсіндірді Бадалов құтқару операциясы туралы.

Былтыр облыста 11 аққу құтқарылған.