Ішкі істер органдары соңғы бір жылда 15451 адамның қос азаматтықтығы бар екенін анықтаған. Олардың арасында квазимемлекеттік ұйымның басшысы, 6 мемлекеттік қызметші және бюджеттік ұйымдардың 4 қызметкері бар, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, "Мемлекеттік қызмет туралы" заң мен Еңбек кодексіне сәйкес, қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары жұмыс орнынан босатылды.
Президент тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік ұйым басшыларының қос азаматтықтығы үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер әзірленді, - дейді Ерлан Тұрғымбаев.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы бойынша мұндай әрекеті үшін шенеуніктер енді Қазақстан аумағынан шығарылып, оларға айыппұл салынады. Бұрын тек айыппұл салынатын немесе мемлекеттік қызметшілерге қатысты елден ғана қуылатын.