$ 510.08  539.61  5.15

«Қазпошта» сатылатын болды

Компания жекешелендірілсе, ауылдардағы кейбір пошта бөлімшелері жабылуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Компания жекешелендірілсе, ауылдардағы кейбір пошта бөлімшелері жабылуы мүмкін. «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Қазпошта» АҚ-ны сатылымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі комиссия аталған кәсіпорынға тиесілі акциялардың бақылау пакетінің 51%-дан 100%-ға дейінгі бөлігін сатуға шешім қабылдаған. Есеп комитеті «Қазпочта» АҚ-ны жекешелендіруге жататын компаниялар тізіміне енгізді. 

«Әлеуетті инвесторлар қатарына Қазақстан халық банкі, Eurasian Digital Ventures LLP және «ТрансКом» консорциумы, «КУА «Алмалы» және «Хави Қазақстан» консорциумы жатуы мүмкін», – деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ-ға тиесілі 51%-дан 100%-ға дейінгі акция пакетін бәсекелі ортаға берудің жоспарланған кестесі құрылды.  

«2022 жылғы 16 қаңтарға дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры инвесторлар тізбесін анықтап, сатып алудың ең төменгі бағасын белгілеуге және мәмілені аяқтауды жоспарлап отыр», – деп жазылған хабарламада. 

Есеп комитеті компанияның бақылау пакетін сату кезінде зейнеткерлер зейнетақы, ал тұрғындар сәлемдеме алатын рентабельді емес ауылдағы «Қазпошта» бөлімшелері жабылуы ықтимал екенін атап өтті. 

«Қазпошта» АҚ-ның кең өңірлік желісі барын ескерсек, негізгі инвестордың рөлін екінші деңгейдегі банктер атқара алады. Олар пошта филиалдарын жауып, банктің филиалдарын пайдалануға мүдделі болады», – деп жазылған комитет таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары