$ 494.87  520.65  4.91

Вакцина алмаған Алматы тұрғындарына жұмыс күндері сауда орталықтарына кіруге рұқсат берілді

Бұл туралы Алматы бас санитар дәрігерінің орынбасары Садуақас Байғабыл мәлімдеді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

"Ashyq" жобасында "көк" мәртбесі барлар жұмыс күндері де сауда орталықтарына бара алады. Бұл туралы Алматы бас санитар дәрігерінің орынбасары Садуақас Байғабыл мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында жаңа карантин шаралары енгізілген болатын. Оған сәйкес сауда орталықтарына жұмыс және демалыс күндері тек "жасыл" мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады. 

Байғабыловтың мәлімдеуінше, Алматыда екпе алмағандарға қатысты ережеге өзгеріс енгізу мәселесі туындамаған. Осыған орай, вакцина алмаған қала тұрғындары жұмыс күндері сауда, ойын-сауық орталықтарына кіре алады. 

Айта кетсек, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы астана әкімдігінің бұл бастамасын қолдамайтынын мәлімдеген. Кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Олжас Ордабаев бизнестің локдауннан кейін әлі аяққа тік тұрмағанын айтты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары