$ 498.34  519.72  4.85

Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары ұйымдасқан қылмыстық топ құрған

2017 жылдан бастап бүгінге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан аса диагностикалық карта жасаған.
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас көлік прокуратурасы заңсыз сыйақы алып, көліктерді техникалық тексерістен өткізгенде, жалған диагностикалық карта берген ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елде жалған тұлғаларға тек "қағазда" ғана бар 28 фирма ресімделген. Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған, тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажет техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс жасайтын орындары да болмаған.

"Қылмыстық топты көлік комитетінің бақылау жүргізу және мұндай деректерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған. 2017 жылдан бастап бүгінге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан аса диагностикалық карта жасаған. Бұл "қызмет" бір көлік үшін 5 минутты және 2 мың теңгені қажет еткен", - деп хабарлады агенттікте.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ, "формальді техникалық тексерулер" жүргізу деректерін жоюға қатысты шараларды қабылдайтын болады" - деп мәлімдеді агенттікте.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары