Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады.
Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр» деп жазады Берік Уәли Facebook парақшасында.