$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейлік нөмірі бар автокөліктер себепсіз тоқтатылмайды» – Ішкі істер министрлігі

Тек көлік иелеріне қойылатын талап, олар жол ережесін бұзбаулары керек. Ал тәртіп бұзылған жағдайда, заң шеңберінде шаралар қолданылады.

Бүгіннен бастап жол қозғалысы ережелерін бұзбаған ресейлік автокөліктер тоқтатылмайды. Бұл туралы көлік иелерімен кездесуде әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы. 

Бүгін бірнеше көлік иесі мен тиісті сала мамандары арасында кездесуі болды. Жиында тараптар осындай шешімге келді. Тек көлік иелеріне қойылатын талап, олар жол ережесін бұзбаулары керек. Ал тәртіп бұзылған жағдайда, заң шеңберінде шаралар қолданылады.

Егер полиция қызметкерлері көлікті еш себепсіз тоқтатса, "102" қызметіне немесе +7-708-382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75 нөмірлері бойынша Call-орталықтарға қоңырау шалуға болады. 

Айта кетері, жақында ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді жаппай тексеру шаралары басталды. Себебі көрші елден криминалдық көліктер әкелінгені анықталды. Ішкі істер министрлігі сақтандыру компанияларынан Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктер туралы қажетті ақпарат алды. Ресейдің ішкі істер органдарына да сұрау салынды. Ол жақта Қазақстанда жүрген 88 мың көліктің тіркеуде тұрмағаны расталды.

"Ол көліктер заң бойынша тіркелмеген, я болмаса, Қазақстан азаматтарына сатылғаннан кейін бұрынғы иелері – Ресей азаматтары тіркеуден шығарып тастаған. Ал заң бойынша тіркелген көліктер ғана жол қозғалысына қатыса алады. Қазіргі кезде осы санаттағы көлік иелерімен тиісті жұмыс атқарылып жатыр", - деп атап өтті Түсіпов.

Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігі Қазақстанда жүрген 606 көлікке іздеу жарияланғаны туралы ақпарат берді. Бұл дегеніміз, көліктердің белгілі бір қылмысқа қатысы бар, я болмаса, сол қылмыс нысаны болып саналады. Осы уақытқа дейін 200 көлік табылды. Ұсталған көліктер әзірге айып тұрағында тұр.

Алдағы уақытта екі елдің ақпарат базасын интеграциялау жоспарланып отыр. Соның арқасында тіркеуде тұрмаған көліктер автоматты түрде анықталады.

“Депутат мырза, мен қарапайым халықтың бірімін. Менің де Ресейде тіркеуде тұрған көлігім бар. Сендер сұраған есепке қоятын ақшаға мен бір үй сатып аламын. Менде ондай ақша жоқ. Сендер соны шеше аласыңдар ма?”, – деді тұрғындардың бірі. 

Олардың қазақстандық тіркеуі жоқ болғандықтан көлігін кез-келген жерде тоқтатып, айыппұл тұрағына алып кетеді екен.

“Біріншіден, қазіргі жағдай заңмен реттелетін жағдай емес. Сіздердің көліктеріңіз тіркеуде жоқ. Яғни, олардың Қазақстанның жол ережесімен жүруге құқы жоқ. Министрге осы мәселе бойынша бойынша сұрақ жолдадым. Қалай шешейін деп жатсыздар деп сұрадық. Министр міндетті түрде оларды тіркеу керек деді. Оны тоқтату, тоқтатпау менің қолымдағы мәселе емес. Мен министрлікпен қездесіп, қазір мәселені анықтайыз. Айыппұл тұрағында автокөліктері бар адамдар тиісті құжаттарымен көліктерін алып кете алады. Тағы да айтамын, қала ішінде жол ережесін бұзбаған жүргізушілерді тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ. Тек тәртіп бұзғанда ғана сіздерді тексереді. Сол үшін қазір мәселені ушықтырмауды сұраймын”, – дейді депутат. 

Көлікті қарапайым жұрт қалтасы көтерген қаржыға Ресейден алып келді. Енді біздің елде еркін жүру үшін тіркеуге қою бір мұң дейді жүргізушілер. Көлікті керекті тексеруден өткізу үшін 3-тен 6 миллионға дейінгі қаржы керек. Мұны көбінің қалтасы көтермейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көлік #тіркеу