Синоптиктер ауа райының құбылуына байланысты ескерту жариялады.
10 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с болуы мүмкін.
Петропавлда ертең қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
10 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі, батысында қатты жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
10 қарашада күндіз Маңғыстау облысының батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтау ертең оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кешке қарай екпіні 15-18 м/с жетуі мүмкін.
10 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең таңертең және түнде Оралда тұман түсуі мүмкін.
10 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с.
Ертең Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.
aikyn.kz