10.11.2021, 10:40

«Балаларға вакцина мектептерде салынады» - Цой

Фото: ашық дереккөзі
Еске салайық, балаларға Pfizer вакцинасы салынады.

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина білім беру ұйымдарының егу пункттерінде салынады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балаларды вакциналау бұрыннан оқу орнындарындағы егу пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізіледі. COVID-19-ға қарсы вакцинация білім беру ұйымдарында және республиканың егу пункттері желісінде де жүргізілді. Вакциналау ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің басқа да заңды өкілдерінің ерікті түрде келісімінен кейін ғана жүзеге асады", - деді Цой Үкімет отырысында.

Ол премьер-министрден облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне министрліктермен бірлесіп, педагогтерді, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерін, жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналау мәселелері бойынша хабардар етуді, сондай-ақ егу пункттерін Санитариялық қағидаларға сәйкес дайындауды, вакцинаның бірінші партиясы келіп түскенге дейін мұздатқыш жабдық орнатуды, вакциналарды тасымалдау, сақтау және қолдану қағидаларын сақтауды, медицина қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етуді тапсыруды сұрады.

Еске салайық, балаларға Pfizer вакцинасы салынады.