10.11.2021, 12:00

Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа өтті

Фото: ашық дерекөз
Тек 3 өңір ғана «қызыл» аймақта тұр.

Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймақта өтті, деп жазды бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1128 адамнан коронавирус анықталып, 2356 адам аталмыш дерттен жазылды. 

Қазақстанның эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, тек 3 өңір ғана «қызыл» аймақта тұр. 

Сондай-ақ 8 455 353 адам коронавирусқа вакцинаның I компонентін, 7 727 793 адам II компонентін салдырды.