$ 494.87  520.65  4.91

«Айына 250 мыңға тамақ ішіп жүрміз» - Мәжіліс депутаты

Мұның алдында Ұлттық экономика министрі азық-түлікке айына отбасымен 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Азық-түлік бағасы күн сайын қымбаттап жатыр. "Жалақы аз, күнкөріс қиын" дейтін тұрғын көбейді. Ал депутаттар азық-түлік айына қанша жұмсайды? Осы сұраққа Мәжіліс депутаты Анатолий Симонов жауап берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Айына өз басыма 50 мың теңгедей кетеді. Ал отбасымды қоса есептегенде 250 мыңдай жұмсалады,

— дейді Анатолий Симонов мәжілісте тілшілерге.

Мұның алдында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке айына отбасымен 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан.

"Бәрі сатып алатын нан, сүт, қант аламыз. Басқа не айтуым керек екен? Біздің де отбасымыз дәл сіздердікіндей. Шамамен айына 50-60 мың кетеді", — деген еді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары