$ 444.22  476.38  4.82

Жамбыл облысындағы жарылыс: Зақымданған нысандар қалпына келтірілді

35 тұрғын үй, 10 комерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ағымдағы жылдың тамыз айында әскери бөлім аумағында жарылыс болған Жамбыл облысындағы қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырғанын еске салды. 

Қазіргі таңда жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 комерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

“Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, үйлерге газ, су берілді. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына үкімет резервінен 1,2 млрд. теңге бөлінді және демеушілер есебінен 102,3 млн. теңге жұмсалды. Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 млн. теңгеден материалдық көмек көрсетілді. Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді”, – деп мәлімдеді Берік Уәли.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары