$ 494.87  520.65  4.91

Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер мен балалардан басқа адамдарға салынбайды

Халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Pfizer вакцинасы балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға ғана салынады. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz. 

Оның айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Pfizer вакцинасы елге жеткізілді. Бүгінгі күні емханаларға бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мегаполисте Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады.

"Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12 – 18 жасқа дейін балаларға, жүкті әйелдерге ( 16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді",- дейді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар, ол Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын айтты. 
Айта кетcек, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Алматыға 46 800 доза бөлінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары