$ 494.87  520.65  4.91

Мусиннің тексерісінен кейін астаналық ХҚКО-ның басшысы қызметінен кетті

Сонымен қатар, ол ведомствода "осындай заң бұзу деректері жолын кесуге ниетті" екенін айтты.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Нұр-Сұлтанда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің видеосы жарияланғаннан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Бір апта бұрын елордадағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін беру кезінде заң бұзу дерегін көрсеткен видео жариялағансыз. Құқықбұзушылық жасаған қызметкерлерге не болды? Жалпы, ведомство қалай әрекет етті" - деп сұрады журналист Бағдат Мусиннен.

"Тиісті комиссия шешім қабылдайды, мен министр ретінде осы үдерістердің бәрімен айналысатын компанияға барлық қажетті шараны қабылдауды ұсындым. Менің білуімше, тәжірибелік тексерумен барған ХҚКО-да қазірдің өзінде басшы ауысып, жаңа басшы тағайындалған", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, ол ведомствода "осындай заң бұзу деректері жолын кесуге ниетті" екенін айтты. Министрдің айтуынша, негізгі міндет - азаматтарға мемлекеттік қызметтерді "жылдам ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы форматта" ұсыну.

"Біз биометрия және емтихан тапсырғандарды бақылау сияқты технологиялық инновацияларды енгіземіз. Тест тапсырушының жоқтығы немесе бар-жоғы технологиялық тұрғыдан анықталады. Биометрика "иә, бұл - Мусин Бағдат, ол емтиханнан өтті, тест тапсыру кезінде компьютерде отырды және оны осынша минутта тапсырды, ешқайда жылжымады, ұялы телефонға қарамады" тағы сол сияқты жауап береді. Егер сандар туралы айтар болсақ, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәліктерін беру 90 пайызға қысқарған", - деп түйіндеді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барып, "Құпия сатып алушы" емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алатынына куә болғаны туралы видео жариялағаны хабарланған еді.

Видеода министр ешкім танымауы үшін көзілдірік киіп, экспериментке қатысушы құпия сатып алушымен бірге таңғы сағат 10 шамасында арнайы ХҚКО-ға кіріп, жүргізуші куәлігін алуға келіскен. Олар бірігіп қажетті адамды тауып, оған құжаттарын, қолхат беріп, практикалық және теориялық емтихандарды тапсырмай-ақ дайын жүргізуші куәлігін алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары