Алматыда жалған ақша жасаушы 1 млн-ға жуық жалған долларды өткізбекші болғаны үшін 6 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалған ақша жасауға қарсы іс-қимыл - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басым бағыттарының бірі.
Осылайша, агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті өткен жылдың қыркүйек айында жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтады.
Қызметкерлер жедел бақылаудағы сатып алуды жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ долларына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген.
Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.
Т.Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Құрметті азаматтар! Егер сіз жалған банкнотты тапсаңыз, дереу Агенттікке + 7 (7172) 708 478 сенім телефоны бойынша немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабарласыңыз.