Жаңалықтар 12.11.2021 сағат 09:40

Абай шахтасындағы жарылыс: Есін жиған кеншілер жағдайдың қалай болғанын айтып берді

Абай атындағы шахтада метан газы жарылған.
Абай шахтасындағы жарылыс: Есін жиған кеншілер жағдайдың қалай болғанын айтып берді
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"АрселорМиттал Теміртауға" қарасты Абай шахтасындағы метан газы атылғаннан кейін жансақтау бөліміне түскен екі кеншінің беті бері қарады. Бір ажалдан аман қалған олар жарылыстың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz. 

“Барлығы есімде жоқ. Жарылыс кенеттен орын алды. Иістен жарылыс болғанын сездім, сосын түтін шыға бастады. Есімнен танып қалдым. Шахтинскідегі жігіттерге рахмет, олар алып шықты. Бірінші тапқандары мен болдым. Сегіз адам бір жарым, екі метр жерде жаттық. Иісті сезбейсің, жұтсаң болды, талып қаласың”, – дейді кенші Жеңіс Маралбаев.

“Сол күні әдеттегідей жұмыс істеп жатқанбыз. Апаттың неден болғанын ешкім білмейді. Әріптестердің "газ шығып жатыр" деген дауысын естідік. Одан кейін не болғаны есімде жоқ. Шаң көтеріліпті. Мен ол жерде бір сағаттай жатыппын, одан кейін сыртқа шығарыпты. Өзім шахтада алты жылдан бері жұмыс істеймін. Қайғылы оқиғаны ешқашан ұмытпаймыз. Біздің жолымыз болды”, – дейді кенші Элайдын Зейналов. 

Элайдын Зейналов пен Жеңіс Маралбаевтың жансақтау бөлімінен шыққанына екінші күн. Есін жиып алған соң, алты әріптесінен  айырылғандарын естігенде қатты қайғырған. Ал өздерін құдай сақтапты. Ресми мәліметте бұл екеуі марқұмдардан алшақта болғаны айтылған. 

Алайда қазір ем-дом алып жатқан кеншілер жұмысқа жарамдылығы жөнінде медициналық комиссиядан өтеді. Жарамды деп танылсақ, тіршілік қамымен шахтаға қайта түсуден өзге амал жоқ дейді.

7 қарашада таңғы сағат 8 жарымда Абай атындағы шахтада метан газы жарылған. Жер астында жүрген 64 кеншінің 56-сы қашып шықса, апат ошағында болған 8 кеншінің алтауы өлі табылды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар