12.11.2021, 10:40

Елорда тұрғыны ресейлік нөмірлі көлікті метал қабылдау орнына 100 мың теңгеге өткізіп жіберген

Фото: inform.kz
Материалдық шығын 700 мың теңгені құрады.

Елорданың 28 жастағы тұрғыны полицияға «Ваз 2115» маркалы автокөлігінің ұрланғанын айтып, арыз берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Автокөлік иесінің айтуынша, ол қызға кездесуге келген, ал көлікті Қошқарбаев көшесінде жол бойында қалдырған. Түнгі уақытта көліктің сигнал беру жүйесінің жоқтығын пайдаланып, арам ниетін іске асырушы сәйкес келетін кілтті таңдап, көлікті айдап кеткен. Материалдық шығын 700 мың теңгені құрады. 

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Елорданың 36 жастағы тұрғыны ұрланған көлікті металл қабылдағышқа 100 мың теңгеге сатып үлгергені анықталды. 

Полиция қызметкерлері көлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.