$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда зауыт жұмысшылары ереуілге шықты

Жұмысшылардың айтуынша, олардың жалақысы қазір 200 мың теңгеге де жетпейді.

Маңғыстауда цемент зауытының 200-ге жуық жұмысшысы басшылықтан жалақы көтеруді талап етіп ереуілге шықты. Адамдардың айтуынша, олар бұл мәселені ақпан айынан бастап көтеріп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жұмысшылардың айтуынша, олардың жалақысы қазір 200 мың теңгеге де жетпейді. Ал егер жұмыстан тыс қосымша уақытта жұмысқа шықпаса, одан да аз. Азық-түлік қымбаттап, тіпті өздері өндірген құрылыс материалының құны өссе де, еңбекақы өзгеріссіз қалған. Халық төлемдерін 48 мыңға көбейтуді талап етті. Ал басшылық  жұмысшылардың талабымен келіскен.

Компания келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 193 мың теңгеге дейін көтеруге дайын екенін айтты. Бірақ зауыт жалақыны одан әрі көтере алмайтынын айтқан. Бұл өндірістің тоқтап қалуына әкеледі, өйткені компания да өз өнімінің бағасын себепсіз көтере алмайды. Ал шикізат қымбаттап барады.

“Жалпы, қызметкерлерімізге жалақы көтеру бойынша екі нұсқа ұсындық. Соның біреуіне тоқталамыз. 2022 жылдың бюджетіне қосымша 150 млн теңге қарастырдық. Бұл сома еңбекақыны көтеруге бағытталады. Жаңа жылдан бастап жұмысшыларымыз ең аз дегенде 193 мың теңге жалақы алады деп жоспарлап отырмыз”, – дейді "Каспий цемент" ЖШС бас директоры Иван Пак.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары