$ 494.87  520.65  4.91

«Медальдарды эмоцияға беріліп, көміп тастадым»: Альберт Линдердің ағасы қателік жасағанын айтты

Ол «медальдар естелік ретінде қалуы керек» дейді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Жақында мерт болған қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің ағасы Семен Линдер өзінің қателігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz .

Марқұмның ағасы медальдарды көміп тастап, қателік жасағанын желідегі парақшасында айтты. Ол "медальдар естелік ретінде қалуы керек" деп атап өтті.

Сондай-ақ, жазбада Семен Линдер спорттағы қайғылы оқиғалар мен проблемаларға назар аударғаны үшін мемлекетке алғыс айтты.

Медальдарды көміп тастағаннан кейін мен эмоцияға беріліп, қателік жібердім. Олар жерде тұрмауы керек. Медальдар менің ағамның естелігі болып тұруы керек деп шештім. Оларды сақтап, балаларыма мақтанышпен айтып отырамын – деп жазды ол.

Еске салсақ, 17 қыркүйекте 26 жастағы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары