28 шілдеде 19 сағат 12 минутта Атырау қаласының әуежайында Алматыға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының «Fokker 100» ұшағының сапары тоқтатылды, деп жазады «Ақ жайық» газеті облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Ұшақ 350 метр ұшу жолағынан өткенде, экипаж ұшақты тоқтатты. Бұған тұрақты ток сақтандырғышының істен шығуы салдарынан ұшақ жүргізудің есептеу жүйесінің (FMS) келісілмеуі себеп болған, делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Ұшақ бортында 110 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар түсірілгеннен кейін Атырау қаласының әуежайына орналастырылды. Тергеу ісімен «Атырау қаласының халықаралық әуежайы» АҚ комиссиясы айналысуда.
Кейін белгілі болғандай, сақтандырғышты ауыстырғаннан кейін сол күні кешке сағат 22.46-да «Fokker 100» ұшағы Алматыға ұшып кетті.