$ 494.87  520.65  4.91

Желіде сауда орындарының біріндегі төбелес қызу талқыланып жатыр

Қазір төбелескен жігіттер іздестіріліп жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қарындасына көмектеспекші болған жігіт соққыға жығылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 жасар екі қыз "Керуен" сауда орталығына барған. Онда бейтаныс жігіттер оларға қырындай бастайды. Қыздардың бірі 19 жастағы студент ағасына қоңырау шалып, сауда орталығына шақырады. Алайда ағасы қырындаған жігіттерден таяқ жеді. Көрініп тұр, арнайы дайындығы бар жігіттер екені. Төбелеске ешкім араласпады, құқық қорғау органдарынан бір де біреуі болмады", - деп жазды astana_typical Instagram-тобында.

Қазір төбелескен жігіттер іздестіріліп жатыр.

Биыл 9 қарашада сағат 21.30 шамасында 102 нөміріне Достық көшесіндегі "Керуен Сити" СОО-да төбелес шыққаны туралы қоңырау келіп түсті. Материал Есіл ауданының ПБ-да тіркелді. Аталған фактіге сай "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары