$ 443.85  474.3  4.8

Павлодарда көмір тапшылығы байқалды: Екі келіншек бір тонна көмірге таласып қалған

Елді дүрліктерген сұмдық оқиға Успен ауданында болған.

Павлодарлық екі әйел 1 тонна көмір үшін жаға жыртысып қалды. Келеңсіз оқиға Успен ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Елді дүрліктерген сұмдық оқиға Успен ауданында болған. Қыз-келіншектер арасында "ауыл әйелдерінің күні" атты байқау өткен. Сол шарада  бас жүлдеге 1 тонна көмір сыйлыққа беріліпті. Осыны көре алмаған ауылдасы жеңімпаз әйелді соққыға жыққан. Тәртіп сақшылары оның ішімдік ішкенін анықтапты. 

“Успен аудандық полиция бөліміне  екі әйел адам  30 жастағы ауыл тұрғыны жанжал шығарып, біреуіне дене жарақатын салғаны туралы шағымданды. Аталған дерекке сәйкес ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, аудандық сот оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салды”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова. 

Бұл төбелеске  көмір жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін. Қазір Павлодар қаласындағы қоймаларда  қатты отын  мүлдем жоқ. Жұрт көмір іздеп сенделіп  жүр. 

“Барлығына жететіндей еті оншақты вагонды бірден алып келсе жақсы болатын еді. Бір КаМАЗ 35 тонна бірден алып кетеді. Екі жүк көлігі кіреді де бір вагон көмірді калып кетеді. Бізге ешнәрсе қалмайды”, – дейді қала тұрғындарының бірі Нәзір Ахметов.

Қатты оттынның тапшы екенін көмір базасындағылар да растап отыр. Әдетте көмірге толып тұратын сату орындары қаңырап бос тұр. 

“Вагондар келген. Бірақ қазір көмір таусылып қалды. Тіпті жоқтың қасы. Тапсырыс берген кәсіпорындарға жөнелтілетіні ғана қалды. Ал тұрғындарға сататын көмір жоқ. Олар ұсақ қалдықтарды алмайды. Енді отын қашан әкелінетінін  біз нақты білмейміз”, – дейді көмір базасының директоры Дастан Дәулетбаев.

Ал қала әкімі бұл мәселеден бейхабар. Көмірдің үстінде отырған  Павлодарда қыстық отын болмауы мүмкін емес – деп таң қалды. 

“Ол сұрақты шұғыл түрде бақылауға аламыз. Ол сұрақпен айналысамыз. Павлодар қаласында көмір болмауы мүмкін емес. Өйткені, бізде бірнеше көмір қазатын разърездер бар. Сондықтан ол сұрақты біз назарға аламыз”, –дейді қала әкімі Асайын Байхан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары