$ 494.87  520.65  4.91

Ғаламторда Ақтөбе облысы әкімдігінде болған жанжалдың ВИДЕОсы пайда болды

Оңдасын Оразалиннің қабылдауына келген тұрғындарды қуып шыққан.

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер әкімдік ғимаратынан өңір әкімі Оңдасын Оразалиннің қабылдауына келген тұрғындарды қуып шыққан. Бұл жайтты LIFE KZ танымал YouTube-арнасының авторлары видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан өзін әкімшілік өкілі ретінде таныстырған біреу тәртіп сақшыларына жиналған халықты қолға алып, жағдайды реттеуге бұйрық бергенін көруге болады.

Ер адам жиналған жұрт "жұмыс істеуге кедергі келтіргендіктен" әкімдік ғимаратын босатуы керек екенін мәлімдейді. Әкімдік оны "стратегиялық нысан" деп атайды.

"Сіз кімсіз? Аты-жөніңізді айтыңыз. Тиіспеңіздер, қолыңызды тартыңыз. Масқара. Демократиялық мемлекет дейді-ау...", - деп айқайлады жиналғандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары