$ 448.15  483.46  4.86

Бүкіл мәртебеден бас тартқан жапон ханшайымы ғашығымен АҚШ-қа көшіп кетті

Мако мен Кей Комуроның қарым-қатынасы көпшілікке 2012 жылдан бері белгілі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

ЖОО-да бірге оқыған Кэй Комуроға қазан айында тұрмысқа шыққан Жапонияның бұрынғы ханшайымы Мако 14 қарашада АҚШ-қа ұшып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, ерлі-зайыптылар Токионың Ханэда әуежайынан жексенбіде,14 қараша күні ұшып кетті. Жас жұбайлар ханшайымның күйеуі жұмыс істейтін Нью-Йорк қаласында тұруға ниетті. Бұған дейін Комуро АҚШ-та оқып, америкалық компаниялардың біріне заңгер болып жұмысқа орналасқан.

1947 жылғы Императорлық үй шаруашылығы туралы заңға сәйкес, патша ұрпақтарына қатардағы қарапайым отбасына түсуіне тыйым салынады, ал ондай жағдай орын алса, өзінің патшалық барлық мәртебесінен бас тартуы керек. Осыған сәйкес, Мако ханшайым патша ұрпағына төленетін 150 миллион иен (1,3 миллион доллардан астам) көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақыдан бас тартты.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар Комуроның анасы мен оның бұрынғы күйеуінің арасындағы қаржылық жағдай ушыққан кезде елде кеткен. Комуроның шешесі бұрынғы күйеуіне төрт миллион иен (шамамен 15 миллион теңге) қарыз болған көрінеді. Дау 13 қарашада Комуро сұралған соманы төлеуге уәде бергеннен соң шешілді.

Мако мен Кей Комуроның қарым-қатынасы көпшілікке 2012 жылдан бері белгілі. Бірақ сыншылар жас жігітті патша отбасының мұрагері үшін лайықсыз деп санап келді. Сол себепті жастардың тойы бірнеше рет кейінге қалдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жапон