$ 510.08  539.61  5.15

Елімізде жусаннан коронавирусқа қарсы дәрі жасалады

Үкімет басшысының айтуынша, вирусқа қарсы дәрі жасау ісі екі бағдарлама жүзінде қарастырылған.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық дәрі жасалатын болды. Ғалымдар дәріні өз жерімізде өсетін жусаннан жасайды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл жөнінде Сенат депутаттарының жолдаған сауалына жауап ретінде премьер-министр Асқар Мәмин мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, вирусқа қарсы дәрі жасау ісі екі бағдарлама жүзінде қарастырылған. Үш жылға 500 миллион теңге бөлінген бірінші бағдарламаны Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты жүзеге асырады.

Екінші бағдарлама бойынша кешенді жұмысты "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС атқаратын болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары