$ 510.08  539.61  5.15

Алматыда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлау сапасы талқыланды

Білім басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде 83 қалалық колледжде 73 мыңға жуық студент білім алуда.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен колледждер директорлары мен сарапшылардың қатысуымен  жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Жұмыс кеңесі барысында өңірлік ерекшеліктерді, өнеркәсіп орындардағы кадрларға қажеттілікті және «Бастау Бизнес» жобасының «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді курстарда оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты ескере отырып, мамандарды даярлау мәселелері қаралды.

Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде 83 қалалық колледжде 73 мыңға жуық студент білім алуда. Бұл ретте 50%-дан астамы – мемлекеттік тапсырыс бойынша. Қаланың ірі кәсіпорындарының дерегі бойынша штаттық қызметкерлердің 70%-ы колледждер түлектері болып табылады. Еңбек нарығы білікті жұмысшы кадрларды қажет етеді, ал ТжКБ саласының рөлі артуда.

Қала әкімі Б. Сағынтаев орта буын мамандарын даярлау тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, инженерлік инфрақұрылымның білікті қызметкерлері қажет. Автопарктерде жүргізушілер мен механиктер тапшы. Құрылыс секторында жұмысшылар жетіспейді.

Сондықтан дайындық сапасын арттыру мақсатында мектептерді ғана емес, қосымша білім беру ұйымдары мен мүдделі ұйымдарды да тарта отырып, оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлауын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, болашақта сұранысқа ие мамандықтардың болжамды тізімін жасау жоспарлануда.

«Жас маман» жобасы аясында материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында колледждер түрлі салалар бойынша заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Дотациялық колледждерді ірі кәсіпорындарға сенімді басқаруға беру мүмкіндігі қарастырылуда. Мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін жеке колледждерде студенттерді жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, басқа қаладан сырттан студенттерге арналған жатақханалардағы орындар мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Өткен жылы Түрксіб ауданында №1 педагогикалық колледжінің 300 орынды жаңа жатақханасы пайдалануға берілді.

Келесі жылға 600 орынды екі жатақхана құрылысының ЖСҚ әзірленуде. Мәселен, Жетісу ауданында жұмыс істеп тұрған автомеханикалық колледж жанынан жатақхана салу, сондай-ақ Алатау ауданында жатақханасы бар жаңа кәсіптік-техникалық колледж салу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын бастау 2022 жылға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы