Жаңалықтар 15.11.2021 сағат 07:27

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолындағы ірі жол апатынан екі адам қайтыс болды

Көктайғақ пен қалың қардың әсерінен тасжолда бірден бес көлік соқтығысты.
Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолындағы ірі жол апатынан екі адам қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында бес көліктің қатысуымен жол апаты болды. Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

14 қарашада сағат 19.20-да Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында ірі жол апаты болды. Көктайғақ пен қалың қардың әсерінен тасжолда бірден бес көлік соқтығысты. Оқиға орнында алған жарақаттардан екі адам қайтыс болды. Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

"Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда жеті көліктің қатысуымен жол апаты болғаны хабарланды. Салдарынан төрт жүргізуші мен бір жолаушы зардап шекті. Олар дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар