15.11.2021, 10:40

Семейде кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім қыздың денесі табылмай жатыр

Фото: ашық дереккөзі
Алдын ала болжам бойынша, қала тұрғыны қыздың денесін суға ағызып жіберген.
Семейде кішкентай қыздың денесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Semeynews ресурсына сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қарашада Семей қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына жүгініп, кәмелетке толмаған қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.

«Аталаған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті анықталды, тиісті сот сараптамалары жасалды», – делінген ақпаратта. Алдын ала болжам бойынша, қала тұрғыны қыздың денесін суға ағызып жіберген.