Жаңалықтар 15.11.2021 сағат 12:40

Ұрып-соғып, әлімжеттік көрсеткен: Степногорда болған жанжалдан кейін интернат директоры жұмыстан шығарылды

Шұғыл жиын кезінде мектеп-интернатында болған оқиғаның мән-жайы да жарияланды.
Ұрып-соғып, әлімжеттік көрсеткен: Степногорда болған жанжалдан кейін интернат директоры жұмыстан шығарылды
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Степногордегі Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 8-сынып оқушылары өздерінен бір сынып төмен оқитындарды соққыға жыққаны туралы видео тараған болатын. Болған жанжалдан кейін осы мекеменің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиғаның видеосы таралғаннан кейін Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев Степногор қаласына барып, шұғыл кеңес өткізді. Кеңестің шешімімен Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының директоры Тұрсынбай Тоққожиновты жұмыстан босатылды. 

Ал облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Әсет Бүкібаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Бұдан бөлек, Степногор қаласы әкіміне оның орынбасары Гүлнәз Әбілованы тәртіптік жазаға тарту ұсынысы енгізілді. Ол осы салаға жауап береді. Сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны басқарады.

Шұғыл жиын кезінде мектеп-интернатында болған оқиғаның мән-жайы да жарияланды.

21 қазанда 8-сынып оқушылары жатақханада өздерін бір класс төмен оқып жүрген балаларды соққыға жыққан. Біреуі бәрін видеоға түсірген.

Сол күні психолог жатақхананы аралағанда видеоны көріп қалып, интернат басшылығына хабар берді. 29 қазанда директордың шешімімен бұзақылық жасап, оқушыларды соққыға жыққандар оқудан шығарылды. 

Алайда білім беру мекемесінің басшылығы құқық қорғау органдары мен кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияға есеп бермеген. Осылайша, тиісті органдарға хабар беру тәртібі бұзылды.

Артынан видео ата-аналар чатында тарады. Сөйтіп, 12 қарашада жергілікті пабликте жарияланды. Келесі күні кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өтті. 

Ал Ақмола облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) және 194-бабы, 2-тармағы (Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар