$ 494.87  520.65  4.91

«Ақшаны допты қуатындарға емес, баланы туатындарға бөліңдер» - заңгер

Айгүл Орынбек күні кеше футболдан қазақстан құрамасының франциялық қарсыластарынан ойсырай жеңілгеніне қатысты пікір білдірді.

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек күні кеше футболдан қазақстан құрамасының франциялық қарсыластарынан ойсырай жеңілгеніне қатысты пікір білдірді.

«Ақшаны допты қуатындарға емес, баланы туатындарға бөліңдер! Білім қуған елдер озып, доп қуам деп тозып жатқан Қазақстан! Үш жыл ішінде 105 620 000 000 жәй ғана допты қуатындарға бөлініпті. Футболдан әлемді бағындара алмайтынымызды біздің шенеуніктер қашан түсінер екен?», - деп жазды ол.

Зайгердің айтуынша, қаражатты басқа салаларға бөлгенде әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетуге болар еді.

«Одан да осы ақшаны басқа салаларға бөлсе, көрсеткіш көрсетуге болар еді. Бұл қаржы білім мен ғылымға бөлінсе, жастарымыз шет ел аспас еді… Ішің удай ашиды, жазып қолыңды ауыртқың келмейді бұл мисыздарға», деп қынжылыс білдірді ол.

Бұған дейін танымал аралас жекпе-жек боксшысы, файтер Қуат «Найман» Хамитов қазақ футболын жеңіл жүрісті қызға теңеген еді.

Айта кетсек, қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны. Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары