Танымал журналист Гүлжан Амангелдіқызы өзінің Facebook-тегі парақшасында қоғамдағы журналистер мәртебесіне қатысты пікір білдірді.
«Бұл елде журналистен сорлы халық жоқ шығар. Елдің проблемасын жазып, шешіп беретін журналистер өздеріне келгенде үнсіз отырады. Жалақыларын ала алмай отырса да күлімсіреп жүреді ғой, шіркіндер. Шулап жүріп мұғалімдерге мәртебе алып бердіңіздер. Ковидтің арқасында дәрігерлердің мәртебесі көтерілді. Полицейлердің де жалақысы қарын тойдыратын дәрежеге жетті. Сонда төртінші билік боп саналатын журналистер неге сорлы?», - дейді ол.
Ол қанша жыл еңбек өтілі бар журналист мемлекеттік қызметке барса, қолбала сияқты нөлден бастайтынына қынжылыс білдірді.
«Не мемлекеттікке жатпайтын, не жеке кәсіпкерлікке жатпайтын бұлар панасыздардың күйін кешіп жүргендерін біле ме екен? Қанша жыл еңбек өтілі бар журналист мемлекеттік қызметке барса, қолбала сияқты нөлден бастайды. Мемқызмет түгілі мәдени мекемеге барса да, ең төменгі коэфицентпен кіреді. Осы әділет пе?», - дейді тілші.