Алматы 14 қарашада "жасыл" аймаққа өткен болатын. Егер коронавирус бойынша жағдай одан әрі тұрақтала түссе, 21 қарашадан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Stan.kz.
Санитарлық-эпидемиология департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қала жеті күн көлемінде "жасыл" аймақта болатын болса, 21 қараша карантин шаралары жеңілдеуі мүмкін.
"Жасыл" аймаққа сай карантин талаптары енгізілсе, қаладағы барлық "Ashyq" қатысушыларының жұмыс уақыты екі сағатқа ұзарады. "Ashyq" көшбасшылары 05:00-ге дейін, өзге қатысушылар 03:00-ге дейін жұмыс істейді.
Өзге іс-шараларды өткізу талаптарына да өзгерістер енгізіледі. Келушілер мен қызметкерлерде "жасыл" мәртебе болса, мына шараларға рұқсат беріледі:
• Отбасылық іс-шаралар мен мейрамдар (банкет, той, мерейтой) өткізу – 50 пайызға дейін, бірақ 100 адамнан аспайтын; • Конференция форум және өзге де адамдар жаппай жиналатын іс-шаралар өткізу – 50 пайызға дейін, 100 адамнан аспайтын; • Көрмелер – 70 пайызға дейін, 500 адамнан аспайтын; • Көрермендендерің қатысуымен өтетін спорт шаралары – 80 пайызға дейін.