Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атлант мұхитынан келген циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, солтүстік өңірлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, сондай-ақ боран соғуы ықтимал.
Синоптиктердің болжауынша, 17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын болуы ықтимал.
18 қарашада солтүстік-батыстың суық антициклоны келетіндіктен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды.
Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде минус 12-ден 17-ге дейін, күндіз минус 7-ден 12-ге дейін, солтүстікте, орталықта түнде минус 13-тен 20-ға дейін аяз болады, күндіз минус 5-тен минус 15-ке дейін суық, шығыста түнде минус 6 градустан минус 18-ге дейін, күндіз минус 1-ден 10-ға дейін суық, оңтүстік өңірлерде түнде минус 5-тен 13-ке дейін суық, күндіз минус 5-тен плюс 5-ке дейін жылы болады.