$ 446.49  475.38  4.79

Қарағандыда автобус кондукторы жолаушыларды пышақпен қорқытты (ВИДЕО)

Оқиға 15 қарашада болған.

Қарағандыда автобус кондукторы жолаушыларды пышақпен қорқытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 15 қарашада болған.

Болған оқиға туралы ekaraganda.kz-ке куәгерлердің бірі айтты.

– Біз Қарағандыдан Абайға қарай бара жатқанда болды. Кондуктордың ерсі әрекеттері салдарынан автобус Ақтасқа жақын жерде тоқтады. Кондуктор белбеуімен өзін тұншықтыруға тырысты. Оның талмасы ұстады. Ол арқан ұстап сыртқа шығып кетті, далаға барып келіп, қолына пышақ алып, автобус ішінде жүрді. Ол ешкімді жарақаттаған жоқ, барлық жолаушылар басқа автобусқа ауысып мініп, кетіп қалды, – деді куәгер.

Қарағандының №3 автопаркі бұл кондукторды жұмыстан босатуы мүмкін.

Кондуктор болып неліктен ауру адам жұмыс істегенін автопарк басшылығы анықтап жатыр.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша арыз түспегенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары