Алматылық атқыш Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін прокуратура Дужновты ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірген.
"12 қарашада прокуратураның өтініші тергеу сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Игорь Дужновқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция берілді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотында.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылық атқыш Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастағаны хабарланды. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады.