17.11.2021, 16:00

Жантүршігерлік жол апаты: 8 адам көз жұмды, 15 адам ауруханада жатыр (ВИДЕО)

"КамАЗ", "Мерседес-Бенц Спринтер" және "Дэу Нексиа" бір-біріне соғысқан.

Қырғызстанда сұмдық жол апаты болды. 3 көліктің соқтығысуынан 8 адам көз жұмып, 15 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Turmush ақпараттық сайтының хабарлауынша, оқиға Бішкек — Ош тас жолының 661-ші шақырымында болған. "КамАЗ", "Мерседес-Бенц Спринтер" және "Дэу Нексиа" бір-біріне соғылып, 8 адам көз жұмды.

Дереккөзге сүйенсек, 7 адам оқиға орнында қаза тапқан. Олар — 3 ер адам мен 4 әйел. Кейін кәмелет жасына толмаған 15 жастағы жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.