17.11.2021, 18:20

Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысады

Фото: Berik Uali
Еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Жиында Қазақстанның қазіргі жағдайдағы сыртқы саясатының басым міндеттері мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері қарастырылмақ.

Сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.