$ 494.87  520.65  4.91

«36 жеңісі бар»: Иван Дычконың қарсыласы анықталды

Дычко кәсіпқой рингте 36 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бес рет жеңіліп, тағы бір кездесуін тең нәтижемен аяқтаған ресейлік боксшы Александр Устиновпен кездеседі.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшы Иван Дычко 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде кіммен кездесетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дычко кәсіпқой рингте 36 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бес рет жеңіліп, тағы бір кездесуін тең нәтижемен аяқтаған ресейлік боксшы Александр Устиновпен кездеседі. Оның еншісінде 27 нокаут бар. Устинов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, WBC Азия чемпионы атағы үшін жекпе-жекте украин Владислав Сиренкодан мерзімінен бұрын жеңілген болатын.

Сондай-ақ, биыл наурызда ол Майамиде америкалық Террелл Джамал Вудспен жекпе-жек өткізіп, тең түсті. Ал 2020 жылдың шілдесінде Устинов уақытша WBA Asia титулы үшін жекпе-жекте отандасы Торнике Пуричамиашвилиді жеңді. Сондай-ақ, өз карьерасында Устинов WBA International, WBA Pan African және IBO Inter-Continental титулдарына ие болған.

Ауыр салмақ рейтингінде ресейлік боксшы 59-орында, ал Дычко 101-орында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары