$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысының тұрғыны әкесінің малын ұрлап, сатып жіберген

Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің баласы болып шықты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз әкесінің малын ұрлаған ер адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ордабасы аудандық ПБ арызданған жергілікті тұрғынның бірі қойларын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан.

Жәбірленушінің 2 қошқары мен 1 бұзауы ұрланған. Оған 180 мың теңге шығын келген. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің баласы болып шықты. Яғни, жас жігіт күндіз үйінің ауласындағы жүрген малды ұрлап алып шығып, мал базарының бірінде сатып жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары