Жаңалықтар 19.11.2021 сағат 12:00

Ел тұрғындары жеке деректерін өздері басқара алады

Демек ендігі уақытта әр адам өзіне қатысты жеке дерекке өзі еге болады.
Ел тұрғындары жеке деректерін өздері басқара алады
Фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елімізде әр азамат жеке басына қатысты мәліметтерді өзі басқара алады. Аталған жаңашылдық әзірге пилоттық жоба ретінде енгізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асқар Жамбакин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Біз қазір жеке деректерді басқару құралын енгізіп жатырмыз. Яғни, жеке деректерді азаматтардың өздері басқаруына мүмкіндік беріледі. Олар жеке деректерді бір рет немесе тұрақты түрде өзі басқарып, пайдаланады. Бүгінде бұл жаңашылдық техникалық және заң тұрғысынан да елімізде енгізіліп жатыр. Демек ендігі уақытта әр адам өзіне қатысты жеке дерекке өзі еге болады. Және оны пайдалануға да рұқсатты өзі беріп немесе тыйым сала алады. Әзірге Қазақстанда пилоттық жоба ретінде енгізіліп жатыр», - деді Асқар Жамбакин ҚазАқпарат халықаралық агенттігінің алаңында өткен Open Space жобасының тікелей эфирінде. 

Вице-министрдің айтуынша, жаңа жобаны толықтай енгізу келер жылға жоспарланып отыр. Демек, 2022 жылдан бастап қазақстандықтар жеке деректерін өздері басқара алады. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар