$ 494.87  520.65  4.91

«Мен коммунист емеспін»: Дүкен тонады деп айыпталған Сәуле Омарова АҚШ сенаты алдында ақталды

Бұнымен қоса ол ата-анасының сталиндік режімнің құдалауына түскенін айтып, сенаторлар алдында атқарған жұмысының өте көп екенін түсіндірді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

АҚШ президенті Джо Байденнің ұсынысымен ақша айналымдарын қадағалау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency) басшысы қызметіне ұсынылған Қазақстан тумасы Сәуле Омарова сенатта өткен өмірі үшін ақталып, коммунист емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz. 

“Мен коммунист емеспін. Адам қайда дүниеге келу таңдауын жасай алмайды ғой”, —деді Сәуле Омарова.

Бұнымен қоса ол ата-анасының сталиндік режімнің құдалауына түскенін айтып, сенаторлар алдында атқарған жұмысының өте көп екенін түсіндірді. Сондай-ақ банкирлерге банкирлерге өз жұмысын мұқият оқуға кеңес берді.

Тыңдауда сенатор-республикашыл Джон Кеннеди Омароваға "Мен сізді профессор дейін бе, әлде әріптес деп атайын ба білмей тұрмын" деді. Сондай-ақ ол Омарованың комсомолдан шығып-шықпағанын сұрады. Ал сенатор Сенатор-демократ Элизабет Уоррен Омарованы "қаралау процесі деп түсінемін" деді. 

Сонымен қатар тағы бір сенатор Пэт Туми Омарованың академиялық жұмысын "банк индустриясы үшін социалистік манифест" деп атады. Бұған дейін Туми Омаровадан Мәскеу университетіндегі Карл Маркстің көзқарасына арналған дипломының түпнұсқасын талап еткен еді, алайда қолжазба сол күйі оның қолына тимеді.

Еске сала кетейік, Сәуле Омарованың 26 жыл бұрын АҚШ-тағы дүкендердің бірінде ұрлық жасау кезінде ұсталғанын жазған болатынбыз. Ол сауда дүкендерінің бірінен 214 доллар тұратын төрт жұп аяқ киім, 2 иіс су, 2 белбеу мен шұлық ұрлаған. Ол беделді Корнелл университетінде профессор болып істейді. Байден әкімшілігі қыркүйекте Омарованы Қаржы министрлігіндегі қызметке ұсынатынын мәлімдегенде, көптеген банктің лоббистері оны сынай бастады. 

Сәуле Омарова туралы не білеміз? 

Сәуле Омарова Қазақ КСР-де дүниеге келген. Орал қаласының тумасы Сәуле Омарова Корнелл университетінің банк құқығы кафедрасының профессорының міндетін атқарушы, Мәскеу мемлекеттік университетінің (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі. Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

1989 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Онда ол тамаша оқу үлгерімі үшін Лениндік стипендия алды.

1991 жылы студент алмасу бағдарламасы бойынша ол Америка Құрама Штаттарына кетіп сонда қалды.

Америка Құрама Штаттарында оқуын жалғастыра отырып, Мэдисондағы Висконсин университетін (1999) бітірді және Солтүстік-Батыс университетінде (2001) үздік дипломмен доктор дәрежесін алды.

Омарова алты жыл бойы Davis Polk & Wardwell заң фирмасында жұмыс істеді.

2006-2007 жылдар аралығында ол бұрынғы президент Джордж Буш тұсында АҚШ қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болды.

2014 жылдан бастап Сәуле Омарова Америка Құрама Штаттарының ең ірі және беделді университеттерінің бірі Корнелл университетінің заң факультетінің профессорының міндетін атқарушы.

Омарованың бұрынғы студенті Арғын Искакбековтың айтуынша, Корнелл Университеті – әлемдегі үздік университеттердің бірі және мұнда профессор болып жұмыс істеу оңай емес.

Искакбеков халықаралық коммерциялық арбитражды зерттеген және Омаровамен жақсы таныс екенін, бір-бірінің үйіне қонаққа да барғанын айтады. 

"Ол – нағыз шығыс әйелі. Нағыз қазақ. Жұмысбасты болғанына қарамастан, тамақты керемет дайындайды. Қамқор ана және аяулы жар. Өзімен бірге анасы да тұрады. Мұның өзі оның адамгершілік қасиетінің жоғары екенін көрсетеді. Қандай қызмет атқарса да, ол өзгермейді. Әріптестері де сыйлайды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары