19.11.2021, 18:20

Путин 2024 жылы қайта сайланcа, оны АҚШ мойындамайды

Фото: ашық дереккөзі
АҚШ Конгресіне қарар жобасы енгізілді.

Егер Путин 2024 жылы Ресейде президенттікке қайта сайлану туралы шешім қабылдаса, АҚШ оны мойындамауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Конгресіне қарар жобасы енгізілді, онда былай делінген:

"Президент Владимир Путиннің қазіргі және соңғы мерзімі 7 жылдың 2024 мамырында аяқталғаннан кейін осы лауазымда қалуға деген кез-келген әрекетін АҚШ мойындамауы керек".

Құжатта 2020 жылы қабылданған Ресей Федерациясының Конституциясындағы түзетулер "Ресей Федерациясының заңдары мен халықаралық міндеттемелерін бұза отырып күшіне енді" делінеді.

Тегтер: Путин