$ 494.87  520.65  4.91

Ел тұрғындары енді шет елдерден де несие ала алады

Мишустин ЕАЭО елдерінің банктері Одаққа кіретін кез келген елдің азаматтың несие тарихын тексере алады, деп мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандықтарға енді Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кез келген елінде несие беріледі. Банктер өз клиентінің несие тарихын оның азаматтығына қарамай тексере алады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бүгін Арменияда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Үкімет басшылары кездесіп, бірқатар келісімге келді.

Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин ЕАЭО елдерінің банктері Одаққа кіретін кез келген елдің азаматтың несие тарихын тексере алады, деп мәлімдеді.

"Бестікке" (ЕАЭО елдері) кіретін мемлекеттердің азаматтары қарыз алуға өтініш жасаған кезде бүкіл Одақ аумағында тең болады, яғни бәрінің мүмкіндігі бірдей болмақ. Бұл ретте банктер өз клиентінің несие тарихын оның азаматтығына қарамай тексере алады. Кейін талдау жасап, барлық тәуекелді өз мойнына ала отырып, қарыз беру-бермеу туралы шешім қабылдай алады", — деді Михаил Мишустин.

ЕАЭО-ға біздің елден басқа Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей кіретінін айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#несие