20.11.2021, 09:29

Өткен тәулікте 1047 адам коронавирус жұқтырған

Фото: ашық дереккөз
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 962 781.

19 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 1 047 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды. 

Аймақтар бойынша:  Нұр-Сұлтан қаласы - 102,  Алматы қаласы - 116,  Шымкент қаласы - 17,  Ақмола облысы - 81,  Ақтөбе облысы - 20,  Алматы облысы - 55,  Атырау облысы - 20,  Шығыс Қазақстан облысы - 74,  Жамбыл облысы - 13,  Батыс Қазақстан облысы - 36,  Қарағанды облысы - 104, Қостанай облысы - 113,  Қызылорда облысы - 12,  Маңғыстау облысы - 3,  Павлодар облысы - 118,  Солтүстік Қазақстан облысы - 155,  Түркістан облысы - 8. 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 962 781.