Қазгидромет 20 қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР солтүстігі мен батысында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауады, бұрқасын соғады, батыста көктайғақ болады. Қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, Алакөл көлдері ауданында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде 15-20 м/с жел күшейеді, түнде жаяу бұрқасынмен болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының батысында тұман, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.