$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде үш аптадан бері азық-түлік бағасы қымбаттаған жоқ

Қабылданған шаралардың арқасында жанар-жағармай нарығындағы жағдай да тұрақталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Онда еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және жанар-жағармай материалдарының бағаларын реттеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0 пайызға тең. Қабылданған шаралар есебінен үшінші апта қатарынан сәбіз (-0,8 пайыз), пияз (-0,7 пайыз), макарон өнімі (рожки), күріш және картоп (-0,2 пайыз) арзандаған. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты.

Бұдан бөлек, қабылданған шаралардың арқасында жанар-жағармай материалдар нарығындағы жағдай да тұрақтанды. Қазіргі кезде барлық мұнай өңдеу зауыттар штаттық режимде жұмыс істеп, ішкі нарықты ашық түсті мұнай өнімдермен қамтып отыр. 19 қарашадағы жағдай бойынша 200,6 мың тонна бензин және 215,8 мың тонна дизель отынының қоры жиналды. Ол елімізге 15 тәулікке жетеді.

Премьер-министр министрлер мен әкімдерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мен төмендетуді, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5 пайыз шегінде ұстап тұруды тапсырды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары